×

Петропавлда фитнес-тренер синтетикалық есірткі тарату үстінде ұсталды

Тінту кезінде фитнес-инструктордан 22 зип-пакет табылды

Петропавлда фитнес-тренер синтетикалық есірткі тарату үстінде ұсталды
Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері Петропавл қаласындағы спорт клубының фитнес-тренерін ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тергеу мәліметтері бойынша, 33 жастағы ер адам 2025 жылғы қарашадан бастап, жаттығудан тыс уақытта синтетикалық есірткі – α-PvP - таратып келген.

СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оны 16 қаңтарда 3-ші қалалық аурухана маңында қолға түсірген. Ер адам осы жерді аз адам жүретін орын деп таңдап, «тайник» жасауға пайдаланған.

Тінту кезінде фитнес-инструктордан 22 зип-пакет табылды. Сонымен қатар, полицейлер оның көрсетуімен жасырын жерден тағы 3 пакет тауып алған. Сараптама көрсеткендей, жалпы салмағы шамамен 25 грамм болатын зат «ерекше ірі мөлшер» деп танылды.

Департамент мәліметінше, заңсыз психотроптық заттарды айналымға салғаны үшін ер адамға ең жоғарысы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үтікпен күйдіріп, қыздырылған шанышқы басқан: шымкенттік әйел балаларын аяусыз ұрып-соққан
Бүгін, 18:00

Үтікпен күйдіріп, қыздырылған шанышқы басқан: шымкенттік әйел балаларын аяусыз ұрып-соққан

Зәбір көрген балалар қазіргі таңда ауруханада ем қабылдап жатыр
Барлық қызметкерлер оқиға орнынан эвакуацияланды
Қол жетуі қиын аумақтарды барлау мақсатында ТЖД тікұшағы қолданылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →