Зәбір көрген балалар қазіргі таңда ауруханада ем қабылдап жатыр
Шымкент қаласында 30 жастағы әйел 10 және 8 жастағы ұлы мен қызын аяусыз ұрып, денелерін үтікпен күйдірген, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Туыстарының айтуынша, әйел қызының шашын қиып, баланың аузына қыздырылған шанышқыны басқан.
Зәбір көрген балалар қазіргі таңда ауруханада ем қабылдап жатыр. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы тұрақты, есін жиып, сөйлей алады.
Аталған дерек бойынша іс тиісті органдардың бақылауына алынды. Ал әйелдің 3 және 1 жастағы өзге екі баласы қауіпсіздік мақсатында бөбекжайға орналастырылған.