×

Жаркенттегі баласын ұрған ата-ана психиатриялық есепте тұрған

Зорлық көрінісін біреу телефонға түсіріп отырған

Жаркенттегі баласын ұрған ата-ана психиатриялық есепте тұрған

Жетісу облысының Жаркент қаласында өз баласын батареяға байлап, бірнеше минут бойы ұрып-соққан әйелдің психиатриялық есепте тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Әлеуметтік желіде тараған Жетісу облысында баласын аяусыз соққыға жыққан әйел адамның видеосы жұрттың ашуын тудырды.

Кадрдан шамамен 3–4 жастағы баланың шағын пәтердегі жылу батареясына қара жіппен байланғаны көрінеді. 30–35 жас шамасындағы әйел қорғансыз баланы тепкілеп, ұрып, ауыр сөздер айтқан. Кадрда пәтерде тағы үш баланың жүргені байқалады. Зорлық көрінісін біреу телефонға түсіріп отырған.

Ресми ақпаратқа сәйкес, аталған оқиғаға байланысты тексеру барысында балалардың әкесі мен анасының да психиатриялық есепте тұрғаны анықталған. Олар «Д» санатына жатқызылған, яғни ақыл-ой кемістігі бар тұлғалар ретінде тіркелген.

Қазіргі таңда балалар әкесімен бірге Жаркент қаласында орналасқан «Жанұя» отбасылық қолдау орталығына уақытша орналастырылды. Ал балалардың анасы полиция бөлімшесіне жеткізіліп, онымен тиісті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр.

Аталған дерек бойынша құзырлы органдар тарапынан құқықтық баға беріліп, қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданатыны хабарланды. Балалардың қауіпсіздігі мен жағдайы бақылауға алынған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жаркентте баласын аяусыз ұрған әйел қамауға алынды
19.01.2026ж. 01:01

Жаркентте баласын аяусыз ұрған әйел қамауға алынды

Тексеру барысында 28 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған баласына дене жарақатын салғаны анықталды
Тінту кезінде фитнес-инструктордан 22 зип-пакет табылды
Барлық қызметкерлер оқиға орнынан эвакуацияланды
Қол жетуі қиын аумақтарды барлау мақсатында ТЖД тікұшағы қолданылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →