Тексеру барысында 28 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған баласына дене жарақатын салғаны анықталды
Жаркентте баласын аяусыз ұрған әйел қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары Руслан Чарапиев өз баласын соққыға жыққан әйелдің қамауға алынғанын мәлімдеді.
«Жаркент қаласындағы WhatsApp топтарында таралған бейнежазба фактісі бойынша Панфилов аудандық полиция қызметкерлері жедел түрде тексеру жүргізді. Тексеру барысында 28 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған баласына дене жарақатын салғаны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мән-жайды анықтағанға дейін Отбасын қолдау орталығына орналастырылды»,- деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін ата-ананың психиатриялық есепте тұрғанын жазған едік.