×

Испанияда екі жоғары жылдамдықты пойыз соқтығысып, 21 адам қаза тапты

Испанияда екі жоғары жылдамдықты пойыз соқтығысып, 21 адам қаза тапты
видеодан кадр

Испанияда екі жоғары жылдамдықтағы пойыздың рельстен шығып, соқтығысуы салдарынан 21 адам қаза тауып, шамамен 100 жолаушы жарақат алды, олардың 30-ының жағдайы ауыр. Бұл туралы 19 қаңтарға қараған түні Испанияның ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайғылы оқиға 18 қаңтар күні кешке елдің Кордова провинциясы аумағында болған. Iryo компаниясына тиесілі Малагадан Мадридке бет алған пойыз рельстен шығып, көрші жолаққа ауып, Уэльва бағытына келе жатқан қарсы пойызбен соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, екі құрамда шамамен 400 жолаушы болған.

Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Ел билігі жағдайды бақылауға алғанын мәлімдеді. Испания премьер-министрі Педро Санчес оқиғаны жеке бақылауда ұстап отырғанын айтты. Қаза тапқандардың отбасына Испанияның корольдік әулеті де көңіл айтты.

Reuters агенттігінің жазуынша, апат орнында құтқару қызметтері жұмысын жалғастырып жатыр. Құтқарушылар соқтығыстың негізгі соққысы тиген вагондардағы жолаушылардың нақты саны мен тірі қалғандар туралы әзірге толық мәлімет бере алмайтынын жеткізген.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, апаттың себептері анықталып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жаркентте баласын аяусыз ұрған әйел қамауға алынды
Бүгін, 01:01

Жаркентте баласын аяусыз ұрған әйел қамауға алынды

Тексеру барысында 28 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған баласына дене жарақатын салғаны анықталды
Зорлық көрінісін біреу телефонға түсіріп отырған
Тінту кезінде фитнес-инструктордан 22 зип-пакет табылды
Барлық қызметкерлер оқиға орнынан эвакуацияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →