×

Жалғыз қалдырған: СҚО-да өртке оранған үйден баланың мәйіті табылды

Жалғыз қалдырған: СҚО-да өртке оранған үйден баланың мәйіті табылды
alarabiya.net

Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үйде шыққан өртті сөндіру кезінде кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға 18 қаңтар күні кешкі уақытта Айыртау ауданындағы Ольшанка ауылында болған. Құтқарушылар шақырту орнына жеткен сәтте үйді өрт толық шарпып, шатыры опырылып түскен. Өртті сөндіру барысында құтқару қызметінің қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың денесін анықтаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт пешпен жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуынан шыққан.

Қаза тапқан баланың анасымен психологтар жұмыс жүргізіп жатыр.

Qazaqstan Media басылымының хабарлауынша, алдын ала дерекке сәйкес, ересектер пеш жағып, қонаққа кеткен. Үйде бес жасар қыз жалғыз қалған, ал есік сыртынан құлыпталған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →