×

«5 жасымда зорлады»: стендап-әзілкеш Анар Бекет бала кезінде көрген сұмдық жағдайларды ашық айтты

Әзілкеш басынан өткен қорқынышты жағдайды айтып, ата-аналарға өтініш жасады

«5 жасымда зорлады»: стендап-әзілкеш Анар Бекет бала кезінде көрген сұмдық жағдайларды ашық айтты
Фото: Instagram / Анар Бекет

Қазақстандық стендап-әзілкеш Анар Бекет әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбасында бала күнінде жыныстық зорлық-зомбылық көргенін айтты. Ол қоғамда ерте жастағы зорлықтың адам тағдырына тигізетін салдарын сөз етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бала күнінде ата-анасының отбасын  асырау үшін қарбалас болғанын, сол себепті ата-әжесінің қасында көп қалғанын айтты.

«Мені бес жасымда туысқан ағам зорлады. Менің атым – Анар. Бұл шынымен болған оқиға. Мен Павлодар қаласында, қарапайым отбасында дүниеге келдім. Әкем электрик болып жұмыс істеді, анам үй шаруасымен айналысты. Ол тоқсаныншы жылдар еді. Ата-анам отбасын асырау үшін барын салды. Сол себепті мені үнемі әкемнің ата-анасын, әжем мен атамның қасына қалдыратын», — деді Анар Бекет. 

Ол атасы мен әжесі басқа жаққа кеткенде туысқан ағасының жыныстық зорлық көрсеткенін айтты. Осы оқиғадан кейін ол ауырсынып дәрігерге де барған.

«Мен жарқылдаған бала болдым. Бірақ жиі ауыратынмын. Сондықтан балабақшаға бармадым. Бір күні әжем мен атам шаруамен бір жаққа кетіп, мені үйде жалғыз туысқан ағамның қасына қалдырды. Ол кезде ол 17 жаста еді, ал мен ештеңені түсінбейтін кішкентай бала болатынмын. Дәл сол кезеңде ата-анам мені балалар гинекологына апарды. Себебі түрлі нәрселер ағып, жарақаттарымнан ауырсындым. Сосын мені әлгі ағамның заттарын ұрлағалы жатқанда ұстап алып, маған қатты ұрысқан да еді. Қазір сол оқиғалардың бәрін салыстырып қарап, мұны балалықпен кек алу үшін істегенімді түсінемін. Бұл маған жасалған қорлыққа бейсаналы қарсылық екен. Адам миы ауыр жарақат салған естеліктерді өшіруге тырысады. Менде түсініксіз елестер, үзік-үзік көріністер болып тұратын, бірақ оның себебін өзіме түсіндіре алмадым. Тек психологқа барған соң, анаммен болған әңгімелерден кейін ғана шындықтың беті ашылды. Осыны айта отырып, барлық ата-аналарға өтініш жасағым келеді. Баланың мінез-құлқындағы кез келген өзгеріске бейжай қарамаңыздар. Оларды мұқият тыңдаңыздар. Ең бастысы — бес жасар баланы ешкімге алаңсыз сеніп қалдырмаңыздар», — деді Анар Бекет. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Әлия Әлібекова өзін степдап-әзілкеш Саясат Аяпбергеннің зорламақ болғанын мәлімдеген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →