×

Тоқаев Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты пікір білдірді

Тоқаев Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты пікір білдірді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте қаза тапқан Нұрай Серікбай ісіне байланысты дәстүрлі құндылықтарды қорғау және азаматтардың құқықтарын сақтау мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мемлекет басшысы некені ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыдан нығайту қажеттігін атап өтіп, мемлекеттің дәстүрлі мәдени құндылықтарды қорғап, аморальды мінез-құлық үлгілерін насихаттауға қарсы тұруы тиіс екенін айтты.

Сонымен бірге Президент азаматтарды мемлекеттің мораль мәселелеріндегі ресми ұстанымымен сәйкес келмейтін көзқарастары үшін қылмыстық қудалауға немесе моральдық тұрғыдан қаралауға жол беруге болмайтынын ерекше атап өтті.

«Әрбір азаматтың таңдау жасауға құқығы бар. Алайда бұл таңдауды ешкімге күшпен таңуға болмайды. Мемлекет барлық азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін қатаң қорғайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, 2026 жылғы 11 қаңтарда Шымкент қаласында жасөспірім Нұрай Серікбай пышақ жарақатынан қаза тапқан. Қыз каникулға келген үйінің маңында бірнеше рет пышақталған. Сол күні полиция күшейтілген режимге көшіп, қала аумағында іздестіру шаралары жүргізілді.

28 жастағы күдікті мегаполистен шамамен 10 шақырым жерде ұсталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жақын уақытта сот процесі өтеді. Қаза тапқан қыздың отбасы кінәлі тұлғаның әділ жазалануына үміт білдіріп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →