×

Шымкентте жол апатынан кейінгі жаппай төбелесте ер адам қаза тапты

Шымкентте жол апатынан кейінгі жаппай төбелесте ер адам қаза тапты
Pixabay

Шымкент қаласында жол-көлік оқиғасынан кейін туындаған жаппай төбелес салдарынан 40 жастағы ер адам көз жұмды. Қайғылы оқиға 20 қаңтар күні Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Куәгерлердің айтуынша, екі көліктің соқтығысуынан кейін жанжалға үшінші автокөлік те араласып, қақтығыс жаппай төбелеске ұласқан. Оған шамамен он шақты адам қатысқан. Төбелес барысында екі ер адам пышақ жарақатын алған. Олардың бірін белгісіз адамдар қала сыртына күштеп алып кетіп, кейін мәйіті табылған. Екінші жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.

Аталған деректі Шымкент қаласының полиция департаменті растады. Полицияның мәліметінше, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Күдіктілердің жүрген жерін анықтау және оларды ұстау үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Жедел-іздестіру жұмыстарына департаменттің барлық күш-құралы жұмылдырылды», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары оқиғаның куәгерлерін тергеуге көмектесу үшін полицияға хабарласуға шақырды. Тергеу жалғасып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →