×

Шымкенттегі төбелес: дәрігерлер зардап шеккен азаматтың қандай хәлде екенін айтты

Шымкенттегі төбелес: дәрігерлер зардап шеккен азаматтың қандай хәлде екенін айтты
видеодан кадр

Шымкент қаласында жол-көлік оқиғасынан соң туындаған төбелесте жарақат алған азаматтың денсаулығы жайлы қалалық денсаулық сақтау басқармасы ақпарат таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Оқиға 20 қаңтар күні тіркелген. Жол апатынан кейін көлік жүргізушілері мен жолаушылар арасында келіспеушілік туындап, жанжал төбелеске ұласқан. Қақтығыс барысында бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Ауыр жарақат алғандардың бірі оқиға орнында көз жұмды.

Тағы бір қатысушы – 36 жастағы ер адам аса ауыр хәлде Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның сол жақ кеуде тұсынан өтіп кеткен пышақ жарақатын анықтаған.

Медицина қызметкерлерінің мәліметінше, науқасқа жедел түрде операция жасалған. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр күйінде қалып отыр, ол жансақтау бөлімінде ем қабылдауда.

Аталған оқиғаға байланысты кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«1,5 млн бердік»: Сарыағаштағы қыз алып қашқан жігіттің анасы өз «шындығын» айтты
Бүгін, 15:45

«1,5 млн бердік»: Сарыағаштағы қыз алып қашқан жігіттің анасы өз «шындығын» айтты

«Некеге тұруға мәжбүрлеу» бабы бойынша үстінен іс қозғалған жігіттің анасы ешқандай зорлықтың болмағанын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →