×

Баланы қараусыз қалдырған: СҚО-да өрттен қаза тапқан қыздың анасы қамауға алынды

Баланы қараусыз қалдырған: СҚО-да өрттен қаза тапқан қыздың анасы қамауға алынды
24tv.ua

Солтүстік Қазақстан облысында өрт кезінде қаза тапқан кәмелетке толмаған қыздың анасы қамауға алынды. Бұл туралы Сенаттағы брифингте ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомствоның дерегінше, әйел адам жас баласын үйде қараусыз қалдырған. Осыған байланысты оған баланы қауіпті жағдайда қалдыру бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылып отыр.

Министрдің орынбасары құқық қорғау органдары мұндай әрбір оқиғаға қылмыс құрамы белгілері болған жағдайда нақты құқықтық баға беретінін атап өтті. Сондай-ақ азаматтарды кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Қайғылы оқиға 18 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысындағы Ольшанка ауылында болған. Жеке тұрғын үйдегі өртті сөндіру кезінде құтқарушылар кәмелетке толмаған қыздың мәйітін тапқан.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →