×

Қаскелеңдегі қайғылы оқиға: сабақта көз жұмған оқушының жанында әжесі болған

Қаскелеңдегі қайғылы оқиға: сабақта көз жұмған оқушының жанында әжесі болған
Қарасай ауданы әкімінің аппараты

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласында мектеп оқушысының сабақ барысында қайтыс болуына қатысты Қарасай ауданының білім бөлімі Qaz365.kz редакциясына ресми түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, Қ. Сәтбаев атындағы орта мектептің 9 «Г» сынып оқушысы 2026 жылғы 21 қаңтар күні бірінші сабақ аяқталған соң, үзіліс кезінде өзін кенеттен жайсыз сезінген. Осыдан кейін мектеп әкімшілігі дереу жедел жәрдем шақырған. 

Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 4 минутта жеткен. Дәрігерлер медициналық көмек көрсеткенімен, өкінішке қарай, оқушының өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Бала сол жерде көз жұмған.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша барлық құзырлы органдар тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиға болған сәтте мектепте білім бөлімінің қызметкерлері, психологиялық қолдау орталығының мамандары және аудан әкімінің орынбасары болған.

Сондай-ақ қайғылы сәтте оқушының нағашы апасы – осы Қ. Сәтбаев атындағы орта мектептің мұғалімі де оқиға орнында болғаны хабарланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Меркі ауданында 22 жасөспірім спортшы ауруханаға түсіп қалды
Бүгін, 15:03

Меркі ауданында 22 жасөспірім спортшы ауруханаға түсіп қалды

Бұл дерек 21 қаңтарда Меркі аудандық полиция бөлімінде тіркелген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →