×

Серік Сәпиев орынбасарымен болған кикілжіңге қатысты пікір білдірді

Серік Сәпиев орынбасарымен болған кикілжіңге қатысты пікір білдірді
Gov.kz

Лондон олимпиадасының чемпионы, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сапиев әлеуметтік желілер мен БАҚ-та кеңінен талқыланып жатқан оқиғаға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі. 

Сапиев өзінің Instagram парақшасында мемлекеттік қызметкер ретінде қызметтік этика нормаларын қатаң сақтайтынын және әрбір әрекетінің жауапкершілігін толық түсінетінін жазды.

«Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та таралып жатқан жағдайға байланысты мынаны атап өткім келеді. Мен, мемлекеттік қызметкер ретінде, өз міндеттерімді атқару барысында мемлекеттік қызмет этикасының нормаларын қатаң сақтаймын. Бала кезден бапкерлерім маған рингтен тыс күш қолдануға болмайтынын үйретті. Мен өз мүмкіндіктерімді жақсы бағалаймын және әрбір әрекетімнің жауапкершілігін толық сезінемін. Сондықтан ешқандай провокацияға берілмеймін. Меніңше, мәселе толық қаралып, жабылды», - деп жазды Сапиев.

Бұған дейін бірнеше ақпарат көздерінде Серік Сапиевтің соққыға жығылғаны туралы хабар тараған болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, инцидентке оның орынбасары – самбо бойынша әлем және Азия чемпионы Даурен Есімханов қатысы болуы мүмкін.

Қарағанды облысы полициясы да қақтығыс фактісін растады. Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, 42 жастағы Қарағанды тұрғынының арызы бойынша дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →