×

Алматыдан шыққан FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысқан

Оқыс оқиға әуе кемесінің қону сәтінде тіркелген

Алматыдан шыққан FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысқан
Фото: FlyArystan.kz

Алматыдан шыққан FlyArystan әуе компаниясының ұшағы қону барысында құстармен соқтығысқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Авиакомпанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 24 қаңтар күні FS7167 рейсін орындау кезінде, Алматы – Орал бағыты бойынша ұшып келген әуе кемесінің қону сәтінде тіркелген.

Ұшақ Орал әуежайына сәтті қонғаннан кейін, әуе кемесі мен оның негізгі тораптарын толық тексеру мақсатында Астана қаласынан инженерлік-техникалық мамандар жіберілген.

«Барлық тексеру шаралары аяқталған соң ұшақ ұшуға жарамды деп танылды. 25 қаңтар күні сағат 01:17-де әуе кемесі Орал – Алматы бағыты бойынша қайта ұшты. Рейс кешіккен жолаушыларға ыстық сусындар мен тамақ ұсынылды, сондай-ақ сұраныс бойынша 33 жолаушы қонақүйге орналастырылды», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

FlyArystan өкілдері барлық іс-шаралар авиациялық қауіпсіздік пен техникалық пайдалану талаптарына қатаң сәйкес жүргізілгенін атап өтті. Компания жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі әрдайым басты басымдық екенін, ал құстармен соқтығысу тасымалдаушыға тәуелсіз сыртқы факторларға жататынын мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Бұл тұрмыстық жанжал емес»: Серік Сәпиев соңғы даулы жағдайдың себебін түсіндірді
Бүгін, 22:24

«Бұл тұрмыстық жанжал емес»: Серік Сәпиев соңғы даулы жағдайдың себебін түсіндірді

Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болған
Құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды
Қазіргі таңда қылмыстық әрекеттің бірнеше дерегі анықталды
Құтқарушылар өрт кезінде көршілес сауда нүктелерін аман сақтап қалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →