×

«Арандатушылыққа ермеңіздер»: Серік Сәпиевтің орынбасары оқиғаға қатысты пікір білдірді

«Арандатушылыққа ермеңіздер»: Серік Сәпиевтің орынбасары оқиғаға қатысты пікір білдірді
instagram.com/daurenesimkhanov

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары, Серік Сәпиевтің орынбасары Дәурен Есімханов өзіне қатысты болған оқиғаға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тарап жатқан мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен БАҚ-та объективті шындықты көрсетпейтін ақпарат тарап жатыр. Арандатушылыққа және жекелеген мүдделі тұлғалардың бұл жағдайды қолдан ушықтыру әрекеттеріне ермеулеріңізді сұраймын», – деп жазды Дәурен Есімханов.

Айта кетейік, бұған дейін Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановтың арасында жанжал болып, соның салдарынан басқарма басшысы дене жарақатын алғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Аталған дерек бойынша полиция 42 жастағы Қарағанды қаласының тұрғынының арызы негізінде қылмыстық іс қозғап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары басталғанын хабарлады.

Кейінірек әлеуметтік желілерде Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасындағы жанжал сәті түсірілген бейнежазба жарияланды. Сонымен қатар, Серік Сәпиевтің өзі де ресми мәлімдеме жасап, болған оқиғаның себептеріне түсініктеме берді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Серік Сәпиев пен оның орынбасарының арасындағы дауға қатысты әкім сөз сөйледі
Бүгін, 12:14

Серік Сәпиев пен оның орынбасарының арасындағы дауға қатысты әкім сөз сөйледі

Әкім тексеру мен тергеу аяқталғаннан кейін тиісті құқықтық баға берілетінін айтты
Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болған
Оқыс оқиға әуе кемесінің қону сәтінде тіркелген
Құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →