Тараз қаласында әлеуметтік желіде тараған байланған қыздың фотосуретіне байланысты қылмыстық іс тіркелді. Бұл жөнінде Жамбыл облысының полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Суретте еденде жатқан қыздың қолы мен аяғы байлаулы, аузы скотчпен жабылғаны байқалады. Аталған дерек бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 110-бабы – «Азаптау» фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.
Құқық қорғау органдары қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған шаралар жүргізіп жатқанын хабарлады. Тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес шешім қабылданбақ.
Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның айтуынша, жәбірленуші – 1996 жылы туған қыз. Қазіргі уақытта ол қауіпсіз жерге, интернатқа орналастырылған.