×

«Спортпен байланыстырмаңыз»: спорт министрі Сәпиев пен орынбасары арасындағы жанжалға пікір білдірді

«Спортпен байланыстырмаңыз»: спорт министрі Сәпиев пен орынбасары арасындағы жанжалға пікір білдірді
ашық дереккөзден

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы жанжалға ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға 21 қаңтар күні Қарағанды қаласында болған. Серік Сәпиевтің айтуынша, жанжал кадрлық саясатқа заңсыз араласу әрекетіне байланысты туындаған.

Үкіметтегі брифинг барысында министр Ербол Мырзабосынов бұл жағдайға спорттық тұрғыдан емес, мемлекеттік қызмет аясындағы оқиға ретінде қарау керектігін атап өтті.

«Менің ойымша, бұл жағдайдың спортшыға қатысты болғанына ерекше мән берудің қажеті жоқ. Бұл – әкімдік аясында болған оқиға. Қазір Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тексеру жүргізіп жатыр, оның қорытындысы бойынша нақты шешім айтылады», – деді министр.

Сонымен қатар Ербол Мырзабосынов Серік Сәпиевтің басқарма басшысы қызметіне тағайындалмас бұрын бірқатар кезеңнен өткенін және қазір туған өңірінің спорт саласын дамытуға үлес қосып жатқанын айтты.

Айта кетейік, Дәурен Есімханов самбо және жауынгерлік самбодан Азия мен әлем чемпионаттарының жүлдегері. Серік Сапиевтің арызы бойынша ұрып-соғу фактісімен қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →