×

Маңғыстауда 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған ер адам өзіне қол салды

Полиция басқармасы істі жан-жақты әрі әділ қарау үшін тергеуді соңына дейін жеткізбек

Маңғыстауда 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған ер адам өзіне қол салды
Фото: Elements.envato.com

Маңғыстау облысында 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған ер адамға қатысты іс қаралып жатыр. Күдіктінің өз-өзіне оқ атып көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Lada.kz басылымының хабарлауынша, қайтыс болған өгей әкесінің жанынан қару табылған.

Тексеру барысында алдын ала мәліметтерге сәйкес, қылмысты өгей әкесі жасаған болуы мүмкін екені анықталды. 24 қаңтарда полицияға 13 жастағы қызды зорлады деген айып бойынша арыз түсті. Алайда одан төрт күн бұрын, 20 қаңтарда күдікті ер адам өлі күйінде табылған. Тергеу мәліметінше, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Mарқұм сол кезде еш жерде жұмыс істемеген. 

Күдіктінің қаза болуына қарамастан, іс ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі «кәмелетке толмағанды зорлау» қылмысы бойынша тіркелді.  

«Бұл адам 2026 жылдың 20 қаңтарында өз өмірін қиды. Осы факті бойынша полиция Қылмыстық Кодекстің 120-бабының 4-бөлігі бойынша «Кәмелетке толмағанға қатысты зорлау» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оның мақсаты – болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау. Кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделері қорғалған», – деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістанда 6 және 8 жастағы екі қызды бірнеше жыл зорлады деген күдікпен өгей әкесі қамалған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →