×

Щучинскте әскери колледжде 66 кадет қызылшамен ауырып қалды

Екі науқаста ауру асқынумен өтуде

Щучинскте әскери колледжде 66 кадет қызылшамен ауырып қалды
Фото: askeri_kolledzh / instagram

Щучинск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжде кадеттер арасында жаппай қызылша ауруын жұқтыру жағдайлары тіркелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Колледж басшылығының мәліметінше, жұқпалы аурудың белгілері оқушылар демалыстан оралғаннан кейін анықталған. Қазір 66 кадет ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатқаны белгілі болды.

“Екі науқаста ауру асқынумен өтуде. Науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетіліп жатыр, олардың жағдайы тұрақты, оң өзгеріс байқалады. Байланыста болған тұлғалар оқшауланды”, – делінген хабарламада.

Оқиғадан кейін колледжде карантин енгізілген.

“Инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында оқу орнында карантин жарияланды. Қосымша медициналық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау шаралары ұйымдастырылып, жеке құрамның денсаулық жағдайына мониторинг күшейтілді”, – деп хабарлады оқу орнынан. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →