×

Талдықорғанда әкесі мас күйінде үш жасар қызын ұрып тастаған

Бүлдіршін ауыр халде облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр

Талдықорғанда әкесі мас күйінде үш жасар қызын ұрып тастаған
Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға соққыға жығылған үш жасар қыз жеткізілген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Дәрігерлердің мәліметінше, қыз бала 2 ақпан күні кеште түскен. Сәбидің жағдайы аса ауыр болғандықтан, бірден жансақтау бөліміне орналастырылған.

Анасының айтуынша, кішкентай қыз ішімдікке сылқия тойып келген әкесінің қолынан зардап шеккен. 

Qaz365.kz тілшісінің ресми сұранысына Жетісу облыстық полиция департаменті жауап берді.

“Ағымдағы жылдың 2 ақпан күні сағат 21:00-де «102» арнасына медициналық мекемеден үш жасар баланың зорлық-зомбылық белгілері бар дене жарақаттарымен жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Аталған дерек бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері баланың әкесін тұрғылықты мекенжайы бойынша алкогольдік масаң күйде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта анасы баламен бірге медициналық мекемеде, жәбірленуші балаға қажетті медициналық көмек көрсетілуде”, – делінген полиция мәліметінде.

Жетісу облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Чарапиевтің сөзінше, қазіргі таңда орын алған оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сабақта жазаланған студент ауруханаға түсті: Атырауда мұғалімнің үстінен іс қозғалды
Бүгін, 18:01

Сабақта жазаланған студент ауруханаға түсті: Атырауда мұғалімнің үстінен іс қозғалды

Романның сөзінше, мұғалім басқа студенттерді де солай жазалаған
Оқиғаға байланысты мектепте жоспардан тыс санитарлық-эпидемиологиялық тексеріс жүргізіліп жатыр. 
Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →