×

Әкесі аяусыз соққыға жыққан қыздың жағдайы белгілі болды

Жағдайы орташа деп бағалануда

Әкесі аяусыз соққыға жыққан қыздың жағдайы белгілі болды
Видеодан кадр

Дәрігерлер Талдықорғанда өз әкесі аяусыз ұрған үш жастағы қыздың жағдайы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бала ауруханаға ауыр жарақаттарымен түсіп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол облыстық балалар ауруханасының хирургиялық бөлімінде жатыр. Қазіргі таңда зардап шеккен қыздың жағдайы орташа деп бағалануда. Оған әрі қарай емдеу жүргізіліп, динамикалық бақылау жасалуда. Барлық қажетті көмек көрсетілуде», – деп хабарлады Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасында.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, әйелін және кішкентай қызын ұрды деген күдікпен ұсталған ер адамның жасы 38-де, ал жұбайы 30 жаста.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →