×

Адвокат Нұрай Серікбайды өлтірген күдіктінің қандай жаза алуы мүмкін екенін айтты

Күдіктіге тағылған айыптың бірі ауырлады

Адвокат Нұрай Серікбайды өлтірген күдіктінің қандай жаза алуы мүмкін екенін айтты
Ашық дереккөздерден

Шымкентте 11 қаңтар күні кешкі уақытта 21 жастағы Нұрай Серікбай Шерхан Аймаханның қолынан қаза болды. Нұрайдың өліміне қатысты іс бойынша күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктіге тағылған айыптың бірі ауырлады. Бұл туралы адвокат Аянхан Омаров мәлімдеді. Тергеу материалдары «аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру» бабына қайта сараланған. Аталған бап бойынша күдікті 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Нұрайдың ісі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 5-тармағына (аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру) ауысты. Әділдік жолындағы жұмысымыздың нәтижесі деп есептейміз! Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі жаңадан тағайындалған орынбасары Е.Ережепов пен Тергеу басқармасының бастығы Ж.Құлмаханға ризашылығымды білдіремін! Енді іс бойынша толықтылық пен жан-жақтылық қамтамасыз етіледі деп сенеміз», – деді Омаров. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Qaz365.kz марқұмның ағасынан сұхбат алған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →