Тұрғындар 2-3 баллдық дүмпуді байқаған
Бейсенбі күні сағат 13:42-де қазақстандық сейсмологтар Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жерасты дүмпулері Жетісу облысының бірқатар елді мекенінде сезілген, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Дүмпу қай жерлерде сезілді?
Сейсмологиялық станциялар желісінің ақпаратына сүйенсек, облыс аумағындағы тербеліс күші келесідей болды:
3 балл: Жаркент, Текелі, Сарқан қалалары мен Жансүгіров ауылында;
2 балл: Талдықорған және Үштөбе қалаларында, Қарабұлақ кентінде, сондай-ақ Балпық би, Шонжы, Сарыөзек, Қырғызсай, Көкпек және Шелек ауылдарында.
ТЖМ хабарлағандай, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Мамандар жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.