×

"Сірке суын ішіп уланған": Дәрігерлер ішкі ағзалары күйіп қалған қыздың жағдайы туралы айтты

Қазір қыз жансақтау бөлімінде жатыр

"Сірке суын ішіп уланған": Дәрігерлер ішкі ағзалары күйіп қалған қыздың жағдайы туралы айтты
Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысының Гусаковка ауылында мектеп дәретханасында сірке суын ішіп уланған қыз ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ktk.kz сілтеме жасап.

Мектеп дәретханасында сірке суын ішіп уланған 10-сынып оқушысының ішкі ағзалары күйіп қалған.Қазір қыз жансақтау бөлімінде жатыр.

“Жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізіліп, кейін санавиация көмегімен облыс орталығындағы балалар ауруханасына жатқызылды. 

“Қазір науқастың жағдайы ауыр. Өте ауыр. Ішкі ағзалары күйіп қалған. Нақты бір шешім айтуға, нақты бір болжам жасауға әлі ерте. Емдеп жатырмыз. Барлық медициналық көмек көрсетілуде. Жансақтау бөліміне жатқызылды”, – .СҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Қалиева.

Айта кетейік, Гусаковкада оқушы қыз өзімен бірге 70 пайыз сірке суын алып келген. Бірінші сабақтың алдында дәретханаға барып, улы сұйықтықты жұтып жіберген. Ес-түссіз жатқан оны білім ошағының қызметкерлері тауып алған.Оқушының мұндай әрекетке баруына не түрткі болғанын тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →