×

23 жастағы жігіттің денесі Семейдегі аспалы көпірдің астынан табылды

Мәйіт Ертіс өзенінде мұз үстінде жатты

23 жастағы жігіттің денесі Семейдегі аспалы көпірдің астынан табылды
Фото: Абай облысының ПД

Семейде Ертіс өзенінің мұзынан аспалы көпірдің астынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Абай облыстық полиция департаментінен бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. 

"Полицияға аспалы көпірдің астындағы Ертіс өзенінің мұзынан адам денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Қайғылы оқиғаның себептері, сондай-ақ 23 жастағы қаза тапқан адамның себептері анықталуда", – делінген ведомство хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →