×

Павлодарда шетелдік өзін қандас ретінде таныстырып, 20 млн теңгеге пәтер алған

Павлодарда шетелдік өзін қандас ретінде таныстырып, 20 млн теңгеге пәтер алған
Ашық дереккөзден

Павлодар облысында шетел азаматының өзін қандас ретінде көрсетіп, мемлекеттен заңсыз әлеуметтік көмек алғаны белгілі болды. Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қадағалау органының дерегінше, Ауғанстан Республикасының азаматы өзінің шығу тегіне қатысты жалған құжаттар ұсыну арқылы мемлекеттік төлемдерге қол жеткізген. Кейін ол алынған қаражатқа 20 млн теңгеге тұрғын үй сатып алған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Прокуратураның талап-арызы негізінде сот пәтерді мемлекет пайдасына тәркілеу туралы шешім шығарды.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →