×

Жамбыл облысында әйел екі баласын терезеден лақтырып жіберді: қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысында әйел екі баласын терезеден лақтырып жіберді: қылмыстық іс қозғалды
depositphotos

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған екі баланы өлтіруге оқталу дерегі бойынша тергеу басталды. Қайғылы оқиға Тараз қаласындағы Төле би даңғылы бойында орналасқан жатақханалардың бірінде болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 36 жастағы әйел бесінші қабаттағы пәтерінің терезесінен 2021 жылы туған қызын және 2023 жылы туған ұлын әдейі лақтырып жіберген. Балалар тірі қалған. Олар шұғыл түрде Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізіліп, политравма диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды.

Тергеу дерегінше, оқиғаға дейін әйел мен оның жұбайы арасында жанжал болған. Жанжалдан кейін ер адам үйден шығып кеткен. Куәліктерге қарағанда, күдікті соңғы жылдары қатты бас ауруларына шағымданып жүрген. Эмоциялық күйзеліс жағдайында әйел алдымен қызын, кейін ұлын терезеден лақтырған. Кейін өзі де секірмек болғанымен, соңғы сәтте тоқтағаны айтылады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі («Екі кәмелетке толмағанды өлтіруге оқталу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқиғаға қатысты Жамбыл облысы полиция департаменті Qaz365.kz редакциясының ресми сауалына жауап беріп, сотқа дейінгі тергеу басталғанын, күдіктінің қамауға алынғанын және екі баланың ауруханаға жеткізілгенін растады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция мәліметінше, ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қолданыстағы заңнама талаптарына сай қабылданады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →