×

Ақтөбеде жекеменшік үйден әйел мен үш баланың мәйіті табылды

Ақтөбеде жекеменшік үйден әйел мен үш баланың мәйіті табылды
Orda/ Sora иллюстрациясы

Ақтөбе қаласының Алматы ауданында орналасқан жекеменшік үйлердің бірінен әйел мен үш баланың мәйіті анықталды. Қайғылы жағдай 9 ақпанда болған. Бұл жөнінде облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алдын ала болжам бойынша, марқұмдар газ қондырғысын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауы салдарынан табиғи газға уланып қайтыс болған болуы мүмкін. Дегенмен оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз, тиісті тексеру жүріп жатыр.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жағдайды жан-жақты қарау үшін арнайы комиссия құрылған. Комиссияға Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет жетекшілік етеді. Ол құзырлы органдармен бірлесе отырып, тексеру жүргізіп, қорытындысы бойынша қажетті шаралар қабылдайды.

Құқық қорғау органдары аталған дерекке байланысты тергеу амалдарын бастады. Ақтөбе облысының әкімдігі қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, жерлеу рәсімін өткізуге көмек көрсетілетінін, сондай-ақ әлеуметтік және материалдық қолдау берілетінін хабарлады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →