Отбасы бұл пәтерді 10 жылдан бері жалдап тұрған
Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бәр пәтерінен бір отбасының үш адамының денесі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оларды көршілерінің шақыруымен жеткен құтқарушылар есікті бұзып кіргенде, 35 және 60 жастағы екі әйелдің мәйітін тапқан.
Ал, жуынатын бөлмеде кәмелет жасына жетпеген 16 жастағы бозбала жансыз күйде жатқан екен.
Қайғылы жағдайды алдымен көршілер біліпті. Үшінші қабаттағы пәтерден төмендегі тұрғындарға күндізгі он екілер шамасында су тамшылай бастаған екен. Уақыт өткен сайын ағысы жиілеген соң жұрт шағымданып, марқұмдардың телефонына хабарластық дейді. Алайда, кешкі беске дейін ешкім жауап бермей, құтқарушыларға хабар беруге мәжбүр болған.
Көршілердің айтуынша, отбасы бұл пәтерді 10 жылдан бері жалдап тұрған.
Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.