×

Құлсары мектебіндегі оқиға: балта алып шапқан оқушының ісінде жаңа деректер пайда болды

Жасөспірімге қатысты үйқамақта ұстау шарасы қабылданды

Құлсары мектебіндегі оқиға: балта алып шапқан оқушының ісінде жаңа деректер пайда болды
Фото: VistaNews.ru

Құлсарыда қатарластарына балта алып жүгірген оқушының ісіне қатысты кейбір деректер белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жағдайға Атырау облысы білім басқармасының басшысы Марат Әбуов түсініктеме берді.

“Бұл факт ішінара расталды, өйткені тергеу кезінде полиция жасөспірімнің қолындағы балта тәрізді құрал таба алмады", – деді ол.

Әбуовтың айтуынша, оқиғадан кейін жасөспірім бірден қамауға алынған.

«Сол күні шұғыл түрде сот отырысы өткізілді. Адвокат пен баланың ата-анасының өтініші бойынша сот оқушыға 9 ақпаннан бастап білім беру және денсаулық сақтау мекемелеріне баруға рұқсат беру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жасөспірімге қатысты үйқамақта ұстау шарасы қабылданды, яғни сабақтан кейін ол үйде болуы керек», – деп түсіндірді білім басқармасының басшысы. 

Марат Әбуов оқушының үлгерімі орташа, бұрын есепте болмаған, бірақ ауыл арасындағы төбелестерге қатысып жүрген сәттері болғанын атап өтті.

Журналистің полиция таба алмаған қылмыс құралы туралы сұрағына Әбуов былай деп жауап берді:

«Иә, оқыс оқиғадан кейін мектептен жүгіріп шығып кеткен жасөспірім қолындағы балтасын ауылдық дүкеннің жанына тастай салған. Полиция ол жерді тексергенмен, ештеңе таппады. Сондай-ақ мектепті тексеріп, балтаның мектептің өрт қауіпсіздігі қалқанынан алынбағанына көз жеткіздік».

Сондай-ақ білім басқармасының басшысы оқиға болған күні мектепке сабақ кезінде күдіктіні іздеп төрт баланың келгенін жоққа шығармады.

«Иә, сол күні балалардың келгені рас, әңгіме барысында олардың арасында дау туған, содан соң оларды балтамен қуып кеткен. Ал балтаны қайдан алғаны белгісіз», – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →