×

Алматыдағы колледжде оқытушы студенттің басына нысана қойып, оқ атқан

Колледж басшылығы жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады

Алматыдағы колледжде оқытушы студенттің басына нысана қойып, оқ атқан
Видеодан кадр

Желіде Алматыдағы колледжде оқытушының студенттің басына нысана қойып, оқ атқан видеосы тарады, деп хабарлады Qaz365.kz.

Белгілі болғандай, бұл жағдай Алматы сәулет, дизайн және инженерия колледжінде, алғашқы әскери дайындық (АӘД) сабағы барысында орын алған.

Колледж басшылығы ақпаратты растап, жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
 

“Алматы сәулет, дизайн және инженерия колледжінде сабаққа қатысы жоқ оқиға орын алды. Оқытушының топпен бейресми қарым-қатынасы барысында штаттық оқ-дәрілер қолданылмай, жұмсақ затты (мақта) пайдалану арқылы пневматикалық мылтықтан оқ атылған, ешкімге зиян келтірілмеген. Аталған әрекеттер оқыту әдісі де, жазалау түрі де емес. Колледж әкімшілігі педагогикалық этика мен қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылғанын мойындайды”, – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
Кеше, 19:46

«Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды

Бас прокуратура күдіктіні елге қайтару туралы сұрау салуды дайындау үшін өтініш жолдады
Жәбірленушінің жақындары жалған ақпарат таратқанын айтып, бейнежазба түсірді
Ер адамның мәйіті Ақтөбедегі №38 мектеп маңындағы қоқыс алаңынан табылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →