×

Солтүстік Қазақстанда мешіт өртеніп кетті

Рамазанға 9 күн қалғанда теріскейдегі мешіттердің бірінде өрт шықты

Солтүстік Қазақстанда мешіт өртеніп кетті
Коллаж: Qaz365.kz / Бейнеден кадр

10 ақпанға қараған түні Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қарасты Қазан ауылында мешіт өртеніп кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өрт туралы хабар «101» бөліміне кешкі сағат 20:47-де түскен. Шақырту түскен бойда оқиға орнына Саумалкөл ауылынан өрт сөндірушілер шыққан. Елді мекен арасы шамамен 50 шақырым болғандықтан, құтқарушылар жолға 40 минут уақыт жұмсаған. Көктайғақ салдарынан жету уақыты ұзарған.

Өрт сөндірушілер жеткен кезде жалын ғимаратты толық шарпып, мешіттің шатыры опырылып түскен. Өрттің жалпы аумағы 192 шаршы метрді алған.

СҚО ТЖД мәліметінше, жергілікті өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері мен «Достық элеваторы» ЖШС-нің өрт сөндіру жасағы да өрт сөндіруге көмектескен.

Барлығы 18 адам және алты арнайы техника қатысты. Өрт толықтай сөндірілді.

Редакциямызға хабарласқан тұрғындардың сөзінше, өрттің шығуына электр тоғындағы қысқа тұйықталу себеп болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →