×

Қарағандыда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде көлік басқарған

Алайда ол заң талаптарын елемеген

Қарағандыда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде көлік басқарған
Polisia.kz

Қарағандыда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде көлік басқарған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.

Қарағанды қаласында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері мінез-құлқы күдік тудырған жүргізушінің автокөлігін тоқтатты.

Ер адамның құжаттарын тексеру барысында 45 жастағы қарағандылықтың бұрын да мас күйде көлік басқарғаны анықталды. Ол бұған дейін барлық көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Алайда ол заң талаптарын елемей, ол қайтадан мас күйінде рөлге отырған.

Медициналық куәландыру нәтижелері полиция қызметкерлерінің күдігін толық растады. Құқық бұзушылық дерегі ресми түрде тіркелді.

Аталған факт бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін және заң талаптарын өрескел бұзған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →