×

Шымкентте 4-сынып оқушысы ағаш бұтағының астында қалып қайтыс болды

Шымкентте 4-сынып оқушысы ағаш бұтағының астында қалып қайтыс болды
Otyrar.kz видеосынан скрин

Шымкентте ауа райының күрт бұзылуы салдарынан төтенше жағдай орын алып, соның салдарынан төртінші сынып оқушысы қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Otyrar-ға сілтеме жасап.

Қалада нөсер жауын соңы қалың қарға ұласып, ағаштар мен бұтақтар қардың салмағын көтере алмай құлаған. Еңбекші ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында құлаған ірі ағаш бұтағы мектеп оқушысын басып қалды. Бала оқиға орнында тіл тартпай кетті. Қазіргі уақытта полиция департаментінің қызметкерлері оқиғаның себептерін анықтап жатыр.

Otyrar басылымының мәліметінше, қалың қардан құлаған ағаштар бірнеше ауданда жеңіл көліктерді де зақымдаған. Сонымен қатар электр желілерінің үзілуі салдарынан қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды.

Шымкент қаласының әкімі арнайы комиссия құруды тапсырды:

  • Баланың қаза болу себептерін тексеру үшін комиссия жұмыс істеп жатыр.

  • Әкімдік қайтыс болған оқушының отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта қаланың барлық коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Магистральдық жолдар, тротуарлар, аялдамалар мен әлеуметтік нысандар қардан тазартылуда. Әкімдік тұрғындарға ағаштардың қайта құлау қаупі бар екенін ескертіп, сақ болуға шақырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →