×

Жақсылық Омар ұсталды ма: ШҚО әкімдігі жауап берді

Жақсылық Омар ұсталды ма: ШҚО әкімдігі жауап берді
ШҚО әкімдігі

Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың құрықталғаны туралы ақпарат тарап, қоғамда үлкен талқылау тудырды. Алайда облыс әкімдігі бұл мәліметті ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, лауазымды тұлғаға қатысты ешқандай тергеу немесе ұстау амалдары туралы ақпарат жоқ. Интернетте тараған қауесеттер ресми дереккөздермен расталмаған. Қазіргі уақытта Жақсылық Омар денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысында.

Билік өкілдері азаматтарды тек ресми мәліметтерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады. Жақсылық Омардың жұмыс орнында болмауы тек оның денсаулығына қатысты демалысымен байланысты екені нақтыланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →