Қар көшкіні қаупі бар учаскелер арқылы өтетін автожолдағы қозғалыс лавиналық жағдай тұрақтанғанға дейін уақытша жабылды
Алматы қаласының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупінің жоғары деңгейі сақталуда, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Осыған байланысты ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ және қалалық ТЖД азаматтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, таулы аймақтарға барудан уақытша бас тартуды ұсынады, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар көшкіні қаупі бар учаскелерде блок-бекеттер қойылғаны туралы хабарлайды.
“Қар көшкіні қаупі бар учаскелер арқылы өтетін автожолдағы қозғалыс лавиналық жағдай тұрақтанғанға дейін уақытша жабылды. Таулы аймақтарға баруды жоспарлау кезінде қалыптасқан ауа райы жағдайларын және уәкілетті қызметтердің ресми ескертулерін ескерулеріңізді сұраймыз”, – делінген төтеншеліктер хабарламасында.