×

Ақтауда қаңтарда жоғалған әйелдің мәйіті табылды

Өлімнің нақты себебі анықталуда

Ақтауда қаңтарда жоғалған әйелдің мәйіті табылды
Depositphotos.com

Ақтауда қаңтар айының соңында жоғалып кеткен әйелді іздеу жұмыстары аяқталды. Полиция оның қаза тапқаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желілерде 30 қаңтардан бері із-түзсіз жоғалған 38 жастағы Ақтау тұрғынының қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметті облыстық полиция департаменті растады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында іздеуде жүрген әйелдің денесі табылған.

Полиция өкілдері өлімнің нақты себебі мен зорлық-зомбылық белгілерінің бар-жоғы сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін анықталатынын айтты. Оқиғаға құқықтық баға барлық қажетті рәсімдер аяқталған соң беріледі.

Әйел 30 қаңтар күні 35-шағынаудандағы үйінен шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған. Сол сәттен бастап полицейлер тәулік бойы іздеу жұмыстарын жүргізген. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Орал қаласында қару сатқан күдікті ұсталды
Кеше, 21:32

Орал қаласында қару сатқан күдікті ұсталды

Шағын калибрлі мылтықтан жасалған кесілген қарудың атуға жарамды екені белгілі болды
«Көрінеу жалған ақпарат тарату» айыбы бойынша ұсталған танымал заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханның ісін қоғам қызу талқылап жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →