×

Ақтөбеде кәмелетке толмаған мопед жүргізушісі жол апатына түсті

Мопедті басқаруға 16 жастан бастап рұқсат етіледі

Ақтөбеде кәмелетке толмаған мопед жүргізушісі жол апатына түсті
Фото: Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Ақтөбе қаласында мопед пен жеңіл автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

8-сынып оқушысы Мұстафа Шоқай көшесі бойымен «TAIZHOU» маркалы мопедті басқарып келе жатып, «Honda Stream» автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2010 жылы туған кәмелетке толмаған мопед жолаушысы Ақтөбе қаласындағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Анықталғандай, мопед мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз болған. Сонымен қатар, мопед жүргізушісі 14 жаста болғандықтан, жүргізуші куәлігі болмаған. Көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде.

Ақтөбе облысының полиция департаменті ата-аналарды кәмелетке толмағандарға бақылауды күшейтуге және тиісті құқығы жоқ тұлғалардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеуге шақырады.

Еске сала кетейік, мопед міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс, ал мопедті басқаруға 16 жастан бастап, «A1» санатындағы жүргізуші куәлігі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →