×

Балқашта көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түсті

Балқашта көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түсті
Балқаш қаласының әкімдігі

Балқаш қаласында таңғы уақытта көпқабатты тұрғын үйдің бір кіреберісі опырылып түсті. Қалалық әкімдік бұл подъездің бұған дейін, 2025 жылы апатты деп танылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, бесінші подъезд өткен жылы тұруға жарамсыз деп танылып, ондағы тұрғындар басқа жерге қоныс аударған. Пәтер иелері баспанаға мұқтаж азаматтар тізіміне енгізілген.

Қазір ғимарат маңы қоршалып,  жарық, жылу және су ажыратылған. Апатты бөлік демонтаждалып жатыр. Бұл жұмыстар аяқталған соң қалған төрт подъезге қосымша техникалық тексеру жүргізіліп, олардың беріктігіне сараптама жасалады.

Қауіпсіздік мақсатында үйдің өзге кіреберістерінен шамамен 120 отбасы уақытша эвакуацияланған. Жергілікті билік оларды уақытша орналастыру жолдарын қарастыруда.

Әкімдік өкілдері демонтаждан кейін мамандар ғимараттың қалған бөлігінің жағдайын қайта бағалайтынын жеткізді. Егер құрылымдар қауіпсіз деп танылса, тұрғындарға пәтерлеріне оралуға мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ үйдің сақталған бөлігін күшейтуге бағытталған жобалық-сметалық құжаттар әзірленбек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →