×

Алматы облысының бірнеше ауылында жер сілкінісі сезілді

Алматы облысының бірнеше ауылында жер сілкінісі сезілді
ашық дереккөзден

Алматы және Жетісу облыстарының тұрғындары жер асты дүмпулерін сезінді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі бүгін, 19 ақпан күні сағат 14:09-да тіркелген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сейсмологтардың дерегіне сүйенсек, жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 311 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.

Зілзаланың сипаттамасы:

  • Магнитудасы: 5,3 MPV;

  • Тереңдігі: 15 шақырым;

  • Эпицентр координаталары: 41.97° с.е. 79.68° ш.б.

Жер сілкінісі сезілген елдімекендер:

  • 3 балл: Нарынқол және Кеген ауылдары;

  • 2 балл: Саты, Көкпек, Шелек, Қайыпова, Маловодное және Түрген ауылдары;

  • 2 балл: Жетісу облысы, Жаркент қаласы.

Айта кетейік, осыдан екі күн бұрын ғана Алматы қаласы мен облысында 2–4 балл аралығында жер сілкінісі болған еді. Мамандар сейсмикалық жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр. Қазіргі уақытта қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ
Балақайдың әзірге аяқ киімі ғана табылған екен
Адамдарға қауіп жоқ, өрт таралмады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →