×

Қарағанды облысында жойғыш ұшақ апатқа ұшырады

Қарағанды облысында жойғыш ұшақ апатқа ұшырады
Қорғаныс министрлігі

25 ақпанда Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары кезінде Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы Қазақстан Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомство мәліметінше, экипаж катапульт жасап үлгерген. Ұшқыштар аман. Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Халық пен инфрақұрылым нысандарына қауіп жоқ.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрлігі арнайы комиссия құрды. Комиссияны Ұшу қауіпсіздігі департаментінің басшысы басқарады.

Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атырауда «жоғалған» отбасы: марқұмдардың қызы да күдікті деп танылды
Бүгін, 12:04

Атырауда «жоғалған» отбасы: марқұмдардың қызы да күдікті деп танылды

Полиция ерлі-зайыптылардың мәйітін үй ауласынан тапқан еді
Қазіргі уақытта оларды Қазақстан Республикасына депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр
Ақпаратты ресми түрде Ресей Ішкі істер министрлігі мен Тергеу комитеті растады
Адвокат Қапар Есболдың Отарға емес, басқа әскери бөлімге баруы қажет екенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →