×

Нұрлан Сабыров Ресейден «қуылғаннан» кейін алғаш рет сахнаға шықты

Нұрлан Сабыров Ресейден «қуылғаннан» кейін алғаш рет сахнаға шықты
Коллаж: Qaz365.kz / Бейнеден кадр

Стэндап әзілкеш Нұрлан Сабыров Ресейден кеткен соң, Таиландтың Пхукет қаласында алғаш рет сахнаға шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Нұрлан Сабыровтың сахнаға шыққанын Анастасия Абдуселимова есімді саяхатшы жариялады. Нұрлан Сабыров көрермендерге: 

«Сіздер концерт көруге келдіңіздер. Бірақ көбіңіз мені емес «істі болған адамды» көруге келгендеріңізге сенімдімін. Менің бүкіл қиындықтарымның бәрі сіздердің телефондарыңыздың кесірінен. Менің өмірім сіздерді ештеңеге үйретпеді ме? Түсірмеулеріңізді сұраймын», — деді Нұрлан Сабыров. 

Еске сала етейік, бұған дейін Ресей оған 50 жыл елге кіруге тыйым салған болатын. Бұл шешімді ол Мәскеуге жеткеннен кейін білді. Сол жерде ол дереу Алматыға ұшып жеткен еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →