Ақмола облысының Жібек жолы ауылында адам айтқысыз қатыгездікпен жасалған қылмыс болды. Әлеуметтік желілерде таралған ақпаратқа сәйкес, жергілікті тұрғын өзінің туған әкесін, анасын және қарындасын аяусыз өлтірген. Куәгерлердің сөзінше, құрбандардың денелері бөлшектеліп, үй маңындағы аулаға шашылып тасталған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Тәртіп сақшылары күдіктінің ұсталғанын ресми түрде растады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.
"Күдікті ұсталды. Іс полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды", — деп хабарлады ведомстводан.
Болжам бойынша, бұл жантүршігерлік әрекетке күдіктінің психикалық ауруы себеп болуы мүмкін. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.