Әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шаралары бұзылған
Абай облысында әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қайғылы оқиға 5 наурызда болған. Ресми мәлімет бойынша, Абай облысында әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан келісімшарт бойынша әскери қызметші жарақат алып, қаза тапты.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Абай гарнизоны қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына белгіленген тәртіппен қажетті қолдау көрсетіледі деп сендірді.