×

«7 триллион теңге дауы»: Ұлттық банк төрағасы орынбасарының жұмыстан кетуіне қатысты пікір білдірді

«7 триллион теңге дауы»: Ұлттық банк төрағасы орынбасарының жұмыстан кетуіне қатысты пікір білдірді
Ұлттық банк

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов өзінің орынбасары Берік Шолпанқұловтың қызметтен кетуіне қатысты БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді. Журналистер бұл отставканың Шолпанқұловтың көрші елден Қазақстан арқылы шетелге «айдалған» 7 триллион теңге туралы даулы пікірімен байланысы бар ма деп сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, орынбасары ешқандай қысымсыз, өз қалауымен кеткен.

«Берік Шолпанқұлов өз еркімен арыз берді, яғни берілген өтінішке сәйкес жұмыстан кетті. Бұған қосарым жоқ», — деді Тимур Сүлейменов брифинг барысында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық банктердің бірі көрші елден 7 триллион теңгеден астам қаражатты шетелге шығаруға көмектескенін айтқан болатын. Осыдан кейін Шолпанқұлов бұл соманың жай ғана «жалпы айналым» екенін және алдын ала тексеріс заң бұзушылықтарды анықтамағанын мәлімдеген еді. Арада бір күн өткенде ол қызметінен босатылды.

Қазіргі уақытта аталған банктің қызметіне қатысты тексеріс жалғасуда. Сүлейменов тексерісті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) жүргізіп жатқанын, сондықтан нақты қорытынды шығару әлі ерте екенін атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шаралары бұзылған
Полиция Украинадағы Айдос Садықовтың жұбайы Наталья Садықовадан сұхбат алған журналистерді әуежайда тоқтатты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →