×

Таяу Шығыста қалып қойған қазақстандықтар Тоқаевтан көмек сұрады

Таяу Шығыста қалып қойған қазақстандықтар Тоқаевтан көмек сұрады
видеодан кадр/ ҚазТАГ

Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс салдарынан әуе қатынасы үзіліп, елге орала алмай жатқан қазақстандықтар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. ҚазТАГ жолаушылардың бейнеүндеуінен үзінді келтірді. Үндеуде Оман мен Дубайдағы отандастарымыздың ауыр жағдайда екені айтылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Үндеу жасаған әйелдің айтуынша, Дубайдан Оманға жеткізілген жолаушылардың арасында қариялар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен кішкентай балалар бар. Олар бірнеше күннен бері ешқандай жағдайы жасалмаған әуежайларда қонуға мәжбүр.

«Біз Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінеміз. Бізге біраз уақыттан кейін ұшаққа отырасыздар деп уәде берген. Бірақ кешеден бері тек бір ғана ұшақ ұшты. Жаңалықтарда ұшақтар ұшып жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Балалар ауырып, қариялар қиналып жатыр, бізге көмектесіңіздер», — деді бейнеүндеу авторы.

Бұған дейін Air Astana әуе компаниясы тұрақты рейстер тек 10 наурыздан кейін басталатынын, ал билет сату 17 наурызға дейін тоқтатылғанын хабарлаған болатын. Бұл шешім аймақта қалып қоған жолаушылардың наразылығын тудырды. Олар мемлекеттік органдардың шұғыл эвакуация ұйымдастырмай отырғанына шағымдануда.

Сыртқы істер министрлігі бұған дейін 3,3 мың қазақстандықтың елге оралғанын хабарлағанымен, қазіргі уақытта аймақта нақты қанша адамның қалып қойғаны белгісіз. Ведомствоның баспасөз қызметінен әзірге ресми түсініктеме алу мүмкін болмады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →