×

Индонезиядан соң жындыханаға келіп түсті: Атыраудағы бір отбасының өліміне қатысты жаңа мәліметтер шықты

Күдіктілер Индонезияның Ломбок аралынан 24 ақпан күні Қазақстанға жеткізілген

Индонезиядан соң жындыханаға келіп түсті: Атыраудағы бір отбасының өліміне қатысты жаңа мәліметтер шықты

Атырау облысында ерлі-зайыптылардың қазасына байланысты іс бойынша бұрын ұсталған Ақбаян Мұқанғалиева қазір психиатриялық ауруханада жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Туыстарының айтуынша, Мұқанғалиева Қазақстанға жеткізілгеннен кейін психиатриялық мекемеге орналастырылған. Оның денсаулығы мен іс бойынша нақты процессуалдық мәртебесі әзірге жарияланған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Индонезияда ұсталған Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Атырауға жеткізілгені белгілі болған. «Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, олар 9 наурыз күні Алматыдан ұшып рейспен келген.

Күдіктілер 2026 жылғы 24 ақпанда Индонезияның Ломбок аралында ұсталған. Операцияны Индонезиядағы Интерполдың ұлттық орталық бюросы, Солтүстік Ломбок полициясы және көші-қон қызметі бірлесіп жүргізген.

Индонезия құқық қорғау органдарының дерегіне қарағанда, Сәрсемәлиев пен Мұқанғалиева халықаралық іздеуде болған және Интерполдың «қызыл хабарламасы» бойынша іздестірілген.

Тергеу нұсқасына сәйкес, олар Атырау облысы Жангелдин ауылында болған аса ауыр қылмыс істеп, ерлі-зайыптыларды өлтірген болуы мүмкін. Құқық қорғау органдарының болжамына қарасақ, жәбірленушілерге суық қарумен соққы жасап, кейін мәйіттері жасырған. Сондай-ақ марқұмдардың ақшасы мен мүлкі қолды болған.

Индонезия полициясының мәліметінше, күдіктілер елге 2025 жылғы 14 желтоқсанда Куала-Лумпурдан ұшып келіп, Бали аралы арқылы кірген. Кейін Ломбок аралына өтіп, ұсталғанға дейін сол жерде тұрған.

Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыс алдын ала жоспарланып, пайда табу мақсатында жасалуы мүмкін. Қазір іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетсе, бұған дейін Атырау қаласының маңынан Жангелдин ауылынан шыққан отбасының тағы екі мүшесі – Наурыз бен Мирамгүлдің мәйіттері табылған еді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →