×

Атыраудағы бір отбасының қазасы: Мейрамгүл мен Наурызды жақындары ақтық сапарға шығарып салды

Атыраудағы «ғайып болған» отбасының күйеу баласы қылмысын мойындады

Атыраудағы бір отбасының қазасы: Мейрамгүл мен Наурызды жақындары ақтық сапарға шығарып салды

Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 32 жастағы Наурыз Мұқанғалиев пен 35 жастағы Мейрамгүл Қарабалина жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

2025 жылдың соңынан бері іздестірілген отбасының ұлы мен қызының мәйіті 9 наурызда бір-ақ табылды. Жақындары олардың мейірімді, қарапайым жан болғанын айтады. Ақтық сапарға шығарып салуға ауыл тұрғындарының көп сандысы келді. 

Айта кетейік, өткен жылдың соңында Атырауда бүтін бір отбасының жоғалып кеткені жайлы жаңалық шыққан еді. 6 қаңтар күні Атырау облысы Қызылқоға ауданында ауданында ерлі-зайыпты 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы 64 жастағы Нәсіп Өтешқалиеваның денесі сарайдан табылды. Олардың өліміне күдікті күйеуі баласы мен қызы Индонезияда ұсталып, 9 наурызда елге жеткізілді. 

Бұл отбасы жайлы не белгілі? 

Ерлі-зайыпты зейнеткерлер Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның Атырау облысының Жангелдин ауылында тұрған. Олар үшінші топтағы мүгедектігі бойынша есепте тұрған. Мал шаруашылығымен айналысқан. Екі қызы, бір ұлы бар еді. 

Еске сала кетейік, 3 ақпанда Ақбаян мен Сұлтанның 5 баласын мемлекет қамқорлығына алды. «Ақ Жайық» басылымының мәліметіне қарасақ, Сұлтан Сәрсемәлиев Индонезиядан Алматыға жеткізілген соң, кісі өлтіргенін мойындап, мәйіттерді көмген орнын көрсеткен. Бұған дейін тек зейнеткерлердің көмілген мәйіттері жайлы ғана дерек бар еді. 

Айта кетейік, Атырау облысында ерлі-зайыптылардың қазасына байланысты іс бойынша бұрын ұсталған Ақбаян Мұқанғалиева қазір психиатриялық ауруханада жатыр. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →