×

АҚШ азаматтары асырап алған қазақстандық жігіт туған ата-анасын іздейді

Шетелдіктер асырап алған қазақстандық өзінің туған ата-анасын тапқысы келеді

АҚШ азаматтары асырап алған қазақстандық жігіт туған ата-анасын іздейді

Қарағанды қаласының тумасы Николас Пикколо өзінің биологиялық ата-анасын іздеп, қазақстандықтардан көмек сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде Николастың жұбайы жазба жариялады.

Әйелдің айтуынша, Николас 1998 жылы 26 қарашада Қарағандыда дүниеге келген. Туған кезде оған Руслан Өмірзақов деген есім берген. Кішкентай кезінде ол Қарағандыдағы «Малютка» немесе «Шапағат» деп те аталған болуы мүмкін, бірақ бұл туралы нақты ақпарат жоқ.

2003 жылы 19 қаңтарда баланы шетелдіктер асырап алған. Кейін АҚШ-қа қоныс аударған. Николас көп жыл өткен соң өз тегін біліп, биологиялық ата-анасын табу туралы шешім қабылдаған.

Жұбайының айтуынша, туған күні, туған кездегі есімі, туған жері және асырап алынған күнінен басқа нақты деректері жоқ.

«Бізге көмектесу біреудің қолынан келетін-келмейтініне біз сенімді емеспіз. Қайткенмен егер біреуде оның отбасы немесе асырап алған кез жайлы қандайда бір ақпарат болса, хабарласуын өтінеміз», —  деп жазды Николастың жұбайы.

Еске сала кетсек, Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 32 жастағы Наурыз Мұқанғалиев пен 35 жастағы Мейрамгүл Қарабалина жер қойнына тапсырылды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атырауда 8 наурыз күні 19 жастағы қызды пышақпен азаптаған жігіт ұсталды
Бүгін, 18:17

Атырауда 8 наурыз күні 19 жастағы қызды пышақпен азаптаған жігіт ұсталды

21 жастағы жігіт сағат 6:00-ден 11:00-ге дейін бойжеткенді ұрып, пышақпен жарақаттап, қорлаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →