×

Атырауда 8 наурыз күні 19 жастағы қызды пышақпен азаптаған жігіт ұсталды

21 жастағы жігіт сағат 6:00-ден 11:00-ге дейін бойжеткенді ұрып, пышақпен жарақаттап, қорлаған

Атырауда 8 наурыз күні 19 жастағы қызды пышақпен азаптаған жігіт ұсталды
Фото: Бейнеден кадр

8 наурыз күні Атырауда 21 жастағы жігіт 19 жастағы қызды бес сағат бойы қорлап, видео түсірген. Бойжеткенді ұрып, пышақпен жарақаттаған ол әрекеттерін видеоға түсіріп әлеуметтік желілерге жариялаған. Қазіргі таңда күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бойжеткенді азаптаған жігіт қамауға алынып, тергеу амалдары басталды. Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті бұл әрекетін бұған дейін өз-өзіне қол жұмсаған досының өлімінен кейінгі ауыр күйзелістен болды деп түсіндірген.

Бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 110-бабы «Азаптау» және 147-бабы «Жеке өмірге қол сұғу» айыбы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, АҚШ азаматтары асырап алған Қарағанды қаласының тумасы Николас Пикколо өзінің биологиялық ата-анасын іздеп, қазақстандықтардан көмек сұрады. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →